2025 жылғы 19 ақпанда сағат 10:30-да орталығымыздың жаңа ғимаратымен танысу үшін “Қызмет” Республикалық Салалық кәсіподағы төрағасы Жақыпов Мирболат Хабиұлы, төрағаның орынбасары Нұрланов Атакозы Келденұлы арнайы Астана қаласынан келді. Қадірлі қонақтарды Алматы қаласы бойынша ”Қызмет” салалық кәсіподағы төрайымы Айнақұлова Данагүл Мұхамедкермқызы бастап келді. Символдық ағашқа ізгі тілектерін жапырақшаларға жазып іліп, орталығымыздың жаңадан жабдықталған кабинеттерін аралап, жұмыс барысымен танысты. Әмбебап бөлмесінде бастауыш ұйым мүшелерімен кездесу өткізіп, ҚР шипажайларына жеңілдікпен санатори-курорттық емделуге сертефикаттарды орталық қызметкерлеріне сыйға тартты. Орталыққа “ Бақытты балалық шақ” картинасы сыйға тартылды, кәсіподақ төрағалары қызметкерлерге лайықты жұмыс орындарымен қамтамасыз еткен басқарма басшылығы мен қала әкімдігіне алғысын қалдырды.
© 2023 All Rights Reserved.