Skip to main content
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +7 (727) 249-34-73
12 Feb 2025

“Парасат “әлеуметтік қызмет орталығы” жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті

Бүгін, 2025 жылғы 12 ақпанда сағат 12:00-де Алматы қаласы Жетісу 3 шағын ауданы, 60 үй мекенжайында орналасқан Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Парасат “әлеуметтік қызмет орталығы” КММ-нің мүмкіндігі шектеулі психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен 18 жастан асқан ересектерге әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Шараның ашылу салтанатына Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жанатович Жаубасов пен Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі – Рафаэль Руфикович Хасанов қатысып, салтанатты түрде лентасын қиды. Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Манапова Бану Бақдәулетқызы, Медециналық әлеуметтік орталықтарының басшылары жылы лебіздерін білдірді және Алматы телеарнасы қатысты.
“Парасат” орталығының ашылуы тек ресми түрде ғана емес, сонымен қатар, мәдени оқиға толы болды. Іс-шара қонақтары “Бата алу” (бата беру) дәстүрлі рәсімінің куәгері болып, қоғамның аға мүшелері символдық ағашқа тілектерін жапырақшаларға жазып ілді.
Жаңа ғимараттың ауданы 1725,2 шаршы метрді құрайды, онда 20 мамандандырылған кабинет орналасқан. Орталық 300-ге дейін қызмет алушыларға қызмет көрсетуге дайын және иппотерапия, шығармашылық шеберлік, компьютерлік бөлме, заманауи құм терапиясы және вертуалды бөлмелер мен басқа да бағыттарға арналған бірегей бөлмелерді қоса алғанда, әлеуметтік және оңалту қызметтерінің кең спектрін ұсынады.
Біздің қызмет алушылардың мүмкіндіктері шектеулі болғанымен қиялы мен шығармашылығы, таланты мен өнері шектеусіз екенін байқауға болады. Себебі біздің мамандар мен педагогтеріміз өз ісін шын жүрегімен жақсы көретін, оларға мейіріммен қарап, әрбір жетістіктеріне шын қуана алатын мамандар! “Парасат” орталығы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетіп, қаланың әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды элемент болады.